Жылдық есеп / 2018

Бизнесті
трансформациялау

2015 жылы Компания және оның 12 еншілес компаниясы, оның Жалғыз акционері «Самұрық-Қазына» АҚ белгілеген қағидаттарды іске асыру мақсатында трансформациялау бойынша бастаманы іске қосты.

Трансформация жөніндегі бастаманың негізгі мақсаттары ашықтық пен тиімділікті арттыру, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» референттік моделі негізінде бизнес-процестерді стандарттау мен біріздендіру (бизнес-процестерді реинжинирингтеу) болып табылады. Осы бастама аясында 2016 жылы Компания өндірісті, сатып алуды, ресурстарды басқаруды, сонымен қатар, бизнесті жоспарлау мен модельдеу тиімділігін қоса алғанда, Қазатомөнеркәсіп қызметінің түрлі аспектілері бойынша 24 жобадан тұратын портфель әзірледі. 2017 жылы Компания осындай жеті жобаны жүзеге асыруды аяқтады, соның ішінде:

  1. Сатып алуды санаттық басқару, ол сатып алу тәсілін оңтайландыруға және бекітілген санаттық стратегияларды пайдалана отырып, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді пайдаға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қазатомөнеркәсіп «ЖЖМ» және «Электр энергиясы» санаттары үшін осындай стратегияны іске асырды.
  2. Ақпараттық қауіпсіздік моделі, ол SIEM-класты бақылау және талдау жүйесі негізінде ақпараттық қауіпсіздікті және оқиғаларды басқару процестерін жақсартуға арналған, бұл Компанияға жүйемен ұсынылатын тәуекелге бағытталған біріздендірілген жүйелер мен қызметтердің артықшылығын және тәсілді пайдалануға мүмкіндік береді.
  3. Тәуекелдерді басқарудың нысаналы моделі, ол Компанияның тәуекелдер тізілімі, есептер мониторингі, визуализация және болжау сияқты тәуекелдерді басқару процестерін автоматтандыруға мүмкіндік береді. Бұл Қазатомөнеркәсіп тәуекелдерін талдау мүмкіндігін жақсартады және тиісті тәуекелдерді бағалау туралы жоғары басшылықтың хабардар болуын сақтауға көмектеседі, бұл кез келген тәуекелдерге уақтылы жауап беруге мүмкіндік береді.
  4. Сату және маркетинг моделі, нарықта қабылдауды жақсарту, сату және маркетинг мүмкіндіктерін күшейту, Қазатомөнеркәсіп пен оның бәсекелестерінің күшті және әлсіз жақтарын жақсы түсінуді әзірлеу, сондай-ақ Компанияның өз клиенттері мен әлеуетті клиенттерінің қажеттіліктерін жақсарта түсінуі есебінен Қазатомөнеркәсіп рентабельділігін арттыруға арналған.

2018 жылдың бірінші жартысында Компанияны Трансформациялау бағдарламасы Қордың Басқарма Төрағасының 2018 жылғы 14 мамырдағы шешімімен бекітілген 2018-2021 жылдарға арналған Қорды Трансформациялау бағдарламасын іске асырудың жиынтық жоспарына сәйкес қосымша бастамаларды енгізу жолымен қайта құрылды.

Осылайша, бизнес-процестерді реинжинингтеу жөніндегі бастамадан басқа, 2018 жылы Компанияны Трансформациялау бағдарламасына мынадай бастамалар енді:

  • бизнес-процестерді
    цифрландыру
  • заң құрылымын
    жеңілдету


  • адамдарды
    трансформациялау
  • өзгерістер мен жобалық тәсілді басқаруды енгізу

Бизнес-процестерді реинжинирингтеу бойынша бастама шеңберінде 2018 жылы Компания трансформациялау жөнінде мынадай жобаларды аяқтады:

  1. персоналды басқарудың жаңа моделі, ол Топтың адам ресурстарын басқару саласындағы озық тәжірибені сақтауын қамтамасыз етуге, персоналдың тартылуын күшейтуге, Қазатомөнеркәсіп ішінде білімді жинақтау мен сақтауға және Қазатомөнеркәсіп аясында корпоративтік мәдениеттің рөлін арттыруға бағытталған;
  2. ЕҚОҚҚ жаңа моделі, ол объектілердегі қауіпсіздіктің мінез-құлықтық аудиттерін жүргізу, сондай-ақ Қазатомөнеркәсіп мердігерлерін қауіпсіздікті бақылау талаптарын сақтау тұрғысынан тексеру арқылы әлеуетті қауіпті жағдайларды уақтылы бақылауды енгізу жолымен өндірістегі жазатайым оқиғалар санын қысқартуға бағытталған.
  3. стратегиялық жоспарлау мен тиімділікті басқарудың жаңа моделі, стратегиялық жоспарлау мен тиімділікті басқарудың бірыңғай процесін қалыптастыруға, мақсаттардың нақты иерархиясын және олардың ҚНК Ағашынан ҚНК-мен өзара байланысын құруға, кейіннен Компанияның және ЕТҰ-ның басшы қызметкерлеріне уәждемелік ҚНК қоюға және акционерлердің стратегиялық және орта мерзімді кезеңде күтулерін орындау үшін Компанияның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге күш-жігерді шоғырландыруға бағытталған.

2018 жылы мына ақпараттық жүйелер енгізілді:

  1. SAP ERP жүйесі, 2018 жылдың шілде айында корпоративтік орталықта және «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС-да өнеркәсіптік пайдалануға берілді.
  2. Біріктірілген жоспарлау жүйесі, 2018 жылдың қазан айында корпоративтік орталықта және 4 кәсіпорында («РУ-6» ЖШС, «ОРТАЛЫҚ»ЕК» ЖШС, «АППАК» ЖШС, «Қазатомөнеркәсіп-SaUran «ЖШС-да) өнеркәсіптік пайдалануға берілді.
  3. Сандық кеніші 2018 жылдың желтоқсанында «Қазатомөнеркәсіп-SaUran»ЖШС пилоттық нысанында тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға берілді.
  4. ITSM жүйесі 2018 жылдың желтоқсанында корпоративтік орталықта және 2 кәсіпорында («КАР-Technology» ЖШС және «РУ-6» ЖШС-да) іске қосылды.

Трансформациялау бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру нәтижелеріне негізделе отырып, Компания жұмыс тиімділігін арттыру есебінен экономикалық пайда алуды жоспарлап отыр.

Қалған бастамалар шеңберінде 2018 жылы цифрландыру бойынша кеңсе құрылды, құрылымнан 7 ЕТҰ шығарылды, корпоративтік құндылықтармен Әдеп Кодексі және комплаенс бекітілді, 2019-2020 жылдарға арналған көшбасшылықты дамыту бағдарламасы бекітілді, СЕО және СЕО-1 үшін көшбасшылықты дамыту бағдарламасы бойынша 2 модуль өткізілді, корпоративтік мәдениеттің диагностикасы жүргізілді және корпоративтік мәдениетті дамытудың 2018-2021 жылдарға арналған Жол картасы бекітілді.

Өзгерістерді басқаруды және жобалық тәсілді енгізу шеңберінде Бизнесті трансформациялау департаменті шеңберінде өзгерістерді басқару бойынша функция құрылымдалған, корпоративтік орталық пен еншілес ұйымдардағы жекелеген лауазымдар бойынша қызметкерлерге қойылатын кәсіби талаптар «Жобаларды басқару» бойынша құзыреттерді ескере отырып жаңартылды, өзгерістер мен жобаларды басқару бойынша СЕО, СЕО-1, СЕО-2 үшін оқыту жүргізілді.

2019 жылы Компания трансформацияның мынадай негізгі жобаларын іске асыруды жалғастыруды жоспарлап отыр:

  • Компанияның өндіру кәсіпорындарында SAP ERP тираждау,
  • екінші толқынды өндіру кәсіпорындарында Жоспарлаудың интеграцияланған жүйесін енгізу,
  • екі өндіру кәсіпорындарында Цифрлық кенішті тираждау.

Цифрландыру шеңберінде бизнес-проблемаларға диагностика жүргізу, цифрландыру қажеттілігімен өсу әлеуетін анықтау, цифрландыру бойынша жобалар портфелін қалыптастыру және оларды іске асыруды бастау жоспарлануда.

Адамдарды трансформациялау шеңберінде корпоративтік мәдениетті дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыру, көшбасшылықты дамыту бағдарламасы бойынша кемінде 60% СЕО -1, -2, -3 оқыту жоспарлануда.

Өзгерістер мен жобалық тәсілді басқаруды енгізу шеңберінде өзгерістер мен жобаларды басқару стандарттарын бейімдеу және бекіту, корпоративтік орталық пен еншілес ұйымдардың (трансформация периметріне енген) корпоративтік моделіне өзгерістерді басқару және енгізу бойынша құзыреттерді жаңарту, корпоративтік орталық пен еншілес ұйымдардың орта және төменгі буынының басшыларын жобалар мен өзгерістерді басқару бойынша оқыту бойынша жұмыстар жоспарланып отыр.