Жылдық есеп / 2018

2018 жылдың
негізгі оқиғалары

01
Қаңтар
  • 2018 жылғы 10 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық Әділет басқармасының №41 бұйрығымен «Үлбі-ФторКомплекс» ЖШС қызметінің тоқтатылуы тіркелді.
02
Ақпан
  • 2018 жылғы 8 ақпанда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің (бұдан әрі — Директорлар кеңесі) шешімімен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2018-2028 жылдарға арналған жаңа Даму стратегиясы бекітілді.
03
Наурыз
  • 2018 жылғы 2 наурызда Шымкент қаласында «Қазатомөнеркәсіп: уақыттан қалыспай» деген таун-холл өткізілді, оның барысында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма Төрағасы Ғ. О. Пiрматов «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2018-2028 жылдарға арналған жаңа даму стратегиясына сәйкес стратегиялық басымдықтарды таныстырды.

  • 2018 жылғы 7 наурызда Нұр-Сұлтан (Астана) қаласында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен жапон компаниялары консорциумы — EAHL арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумда» Байкен-U» ЖШС, «Қызылқұм» ЖШС және «Хорасан-U» БК» ЖШС-қа қатысты тараптардың өзара іс-қимылдарының негізгі шарттары айқындалды.
04
Сәуір
  • 2018 жылғы 04 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің №22 бұйрығымен «Геотехносервис» ЖШС қызметінің тоқтауы тіркелген.
06
Маусым
  • 2018 жылғы 29 маусымда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Самұрық-Қазына» АҚ-ның атына «КАЭС» АҚ-ның жарғылық капиталындағы 100% акциялар пакетін сатуды жүзеге асырды.

  • Трансформациялау бағдарламасын жүзеге асыру аясында персоналды басқарудың мақсатты моделіне көшу аяқталды. Жоба корпоративтік орталық пен 6 ЕТҰ-ны қамтиды.
07
Шілде
  • 2018 жылғы 03 шілдеде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Самұрық-Қазына» АҚ-ның атына «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-ның жарғылық капиталындағы 100% қатысу үлесін сатуды аяқтады.

  • 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС корпоративтік орталығында SAP бірыңғай интеграцияланған жүйесі өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді.

  • Трансформациялау бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2018 жылғы 31 шілдеде стратегиялық жоспарлау мен тиімділікті басқарудың жаңа процестеріне көшу аяқталды.
08
Тамыз
  • 2018 жылғы 29 тамызда «Үлбі-Конверсия» ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысында заңды тұлғаны ерікті тарату мәселесі бойынша шешім қабылданды. Тарату тәртібі мен мерзімдерін бекіту туралы шешімдер қабылданды, сондай-ақ тарату комиссиясының құрамы бекітілді.
09
Қыркүйек
  • 2018 жылғы 03 қыркүйекте «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ EAHL-мен Келісімге қол қойды, оған сәйкес бірқатар белгілі бір шарттар басталғаннан кейін Energy Asia (BVI) Limited («Байкен-U» ЖШС жарғылық капиталына қатысу үлесінің 95% және «Қызылқұм» ЖШС жарғылық капиталына қатысу үлесінің 40%-ының меншік иесі) компаниясының 40,05% акциясы және «Хорасан-U» БК» ЖШС-ның жарғылық капиталына қатысу үлесінің 16,02%-ы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның меншігіне өтеді.

  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2018 жылғы 28 қыркүйекте «Қызылту» ЖШС жарғылық капиталындағы 76% қатысу үлесін сатып алу-сату шартын жасасты. Сатып алушы «СГХК» ЖШС, сату құны 3 млрд 834 млн теңге.

  • 2018 жылғы қыркүйекте «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Vision Zero әріптесі ретінде қабылданды.

  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да іске асырылып жатқан Трансформациялау бағдарламасы аясында компанияда SAP ERP (кәсіпорын ресурстарын басқару жүйесі) жобасын «ТТК» ЖШС-қа енгізу басталды.

  • 2018 жылғы 24 қыркүйекте «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Трансформациялау бағдарламасының Жол картасы бекітілді.

  • 2018 жылғы қыркүйекте «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Директорлар кеңесі Әдеп Кодексі мен комплаенсты бекітті.
10
Қазан
  • 2018 жылғы 12 қазанда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Ѕагесо» ЖШС жарғылық капиталындағы 100% қатысу үлесін Сатып алу-сату шартын жасасты. Сатып алушы «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ.

  • Трансформациялау бағдарламасын іске асыру шеңберінде кешенді қауіпсіздікті басқару жөніндегі мақсатты модельге көшу жүзеге асырылды. Жоба корпоративтік орталық пен 6 ЕТҰ-ны қамтиды.

  • 2018 жылғы 15 қазанда Интеграцияланған жоспарлау жүйесі бірінші толқын кәсіпорындарында өнеркәсіптік пайдалануға ауыстырылды.
11
Қараша
  • AIX және LSE қор биржаларында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жай акциялары мен жаһандық депозитарлық қолхаттарының (ЖДҚ) листингі жүзеге асырылды.

  • Трансформациялау бағдарламасын іске асыру жоспарына сүйене отырып, АТ басқарудың мақсатты моделіне сәйкес автоматтандырылған процестерді енгізудің бірінші кезеңі аяқталды.
12
Желтоқсан
  • 2018 жылғы 7 желтоқсанда «Қазатомөнеркәсіп-Даму» ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысында заңды тұлғаны ерікті түрде тарату туралы шешім қабылдады.

  • 2018 жылғы 13 желтоқсанда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Energy Asia (BVI) Limited (бұдан әрі — EAL) компаниясының 40,05% акциясын және «Хорасан-U» БК»ЖШС-ның жарғылық капиталына 16,02% қатысу үлесін сатып алу бойынша мәмілені аяқтады. Мәмілені жабу нәтижесінде Компанияның «Байкен-U» ЖШС-дағы қатысу үлесі 5%-дан 52,5%-ға дейін (5% тікелей қатысу және ЕАL арқылы 47,5% жанама), «Қызылқұм» ЖШС-да 30%-дан 50%-ға дейін (30% тікелей қатысу және ЕАL арқылы 20% жанама қатысу), «Хорасан-U «БК» ЖШС-да 33,98%-дан 50%-ға дейін (тікелей қатысу) өсті.

  • 2018 жылғы 21 желтоқсанда Түркістан облысы Әділет департаментінің №208 бұйрығымен «Бетпақ-Дала» ЖШС қызметінің тоқтауы тіркелді.

  • 2018 жылғы 28 желтоқсанда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен Cameco Corporation Шарт жасасты, оған сәйкес «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2020 жылға қарай (мемлекеттік органдардан қажетті рұқсаттар алған кезде) уранның аффинаж және конверсия технологияларын пайдалану құқығын алады, бұл «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ға қажет болған жағдайда және нарықтың қолайлы конъюнктурасы кезінде Қазақстан Республикасында технологияларды пайдаланудың экономикалық орындылығын бағалауға кірісуге мүмкіндік береді.

  • 2018 жылғы желтоқсанда 30 алғашқы түлек, оның ішінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдарының 20 қызметкері және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-мен және оның кәсіпорындарымен еңбек қатынастарында тұрмайтын 10 магистрант магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтады және «Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КЕАҚ базасында құрылған Халықаралық атом өнеркәсібі ғылыми-білім беру орталығының дипломын алды.