Жылдық есеп / 2018

Компанияның даму
стратегиясы

Қазатомөнеркәсіп миссиясы уран кен орындарын әзірлеу және орнықты даму қағидаттарына сәйкес Компанияның барлық мүдделі тараптары үшін ұзақ мерзімді құндылық жасай отырып, қосылған құн тізбегінің компоненттерін дамыту болып табылады.

Қазатомөнеркәсіптің пайымдауы жаһандық атом өнеркәсібі үшін қолайлы серіктес болу болып табылады. Бұл көрініс Компанияның қызметін оның клиенттері мен саладағы серіктестерінің басымдықтарына сәйкес жүргізуге мүмкіндік береді.

2018 жылы Компания 2018-2028 жылдарға арналған бес стратегиялық мақсатқа назар аудара отырып, жаңа даму стратегиясын қабылдады:

  1. негізгі қызмет түріне көңіл бөлу;
  2. нарықтық жағдайлар негізінде өндіру, қайта өңдеу және сату көлемін оңтайландыру;
  3. маркетинг функциясын күшейту және сату арналарын кеңейту арқылы құндылық жасау;
  4. бизнес-қызметте озық тәжірибені қолдану;
  5. сала көшбасшысына сәйкес келетін корпоративтік мәдениетті дамыту.

Негізгі қызмет түрі
ретінде тау-кен операцияларына
бағдарлау

Қазатомөнеркәсіптің негізгі қызмет түрі уран өндіру болып табылады. Компания уранды, нақты айтқанда, ЖС әдісімен өндіру қазіргі уақытта қосылған құнды жасау тізбегінің неғұрлым тартымды сегменті болып қала береді деп санайды. Қазатомөнеркәсіптің ЖС-әдіспен игеру үшін қолайлы кен орындарына қолжетімділігі — Қазақстанда оған өндіру саласындағы табиғи бәсекелестік артықшылығын береді. Тиісінше, Қазатомөнеркәсіп өзінің конверсия сияқты реакторға дейінгі ЯОЦ-тың басқа сатыларында, сондай-ақ сирек металдармен байланысты қызметте болу мүмкіндігін сақтай отырып, өзінің назарын уран өндіруге шоғырландыруға ниетті.

Өз қызметін оңтайландыру мақсатында Қазатомөнеркәсіп, басқаларымен қатар, активтер портфелін оңтайландырды — соңғы 5 жылда 30-дан астам бейінді емес еншілес компаниялары, оның ішінде ең жақын арада «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС қайта ұйымдастыру, қайта құрылымдау және тарату нысаны болды, оған қарастырылып отырған кезеңдер үшін Қазатомөнеркәсіп кірістерінің елеулі бөлігі (бірақ пайданың аз бөлігі) тиесілі болатын. Қазатомөнеркәсіп 2019 жылдың соңына дейін бейінді емес активтерді иеліктен шығару бағдарламасын аяқтау процесінде тұр. Атап айтқанда, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Компания Cameco-мен бірлескен кәсіпорнында — «Инкай» БК» ЖШС-те қатысу үлесін 40%-дан 60%-ға дейін ұлғайтты, ал 2018 жылғы желтоқсанда компания «Байкен-U» ЖШС, Enregy Asia Limited консорциумымен, 5%-дан 52,5%-ға дейін, «Хорасан-U» БК» ЖШС-да, Росатом және Marubeni Corporation бірлескен кәсіпорнында қатысу үлесін 34%-дан 50%-ға дейін ұлғайтты.

Қазатомөнеркәсіп қазіргі уақытта Қытай CGN компаниясымен бірге ТВС дайындау жөніндегі зауыттың құрылысымен айналысады. ЯТЦ құнын өсіру тізбегінің жаңа сегменттеріне шығуының арқасында Қазатомөнеркәсіп өз клиенттеріне өнімдердің кең спектрін ұсына алады және қосымша пайда ала алады. Бұдан басқа, компания ядролық отын өндіру тізбегіндегі жоғары сапалы активтерге іріктеп сатып алу немесе инвестициялау жолымен өзінің нарықтық ұстанымдарын одан әрі нығайту мүмкіндігін қарастыра алады.

Нарықтық-орталық тәсіл: нарықтық
жағдайлар негізінде өндіру, қайта өңдеу
және сату көлемін оңтайландыру

Соңғы екі жылда Компания қызметті жүзеге асыру тәсілін қайта бағыттады, атап айтқанда, өндіріс көлемін оңтайландыру жолымен стратегиялық көзқарасын көлемдерді барынша арттырудан құндылықтарды барынша арттыруға ауыстырды. Жаңа фокус нарық болжамдары мен сату көлемдері негізінде өндірістік мақсаттарды қоюды, сондай-ақ өндірістік жоспарларды өзгермелі нарықтық жағдайларға бейімдеуді көздегені маңызды.

Уран кен орындарын Қазатомөнеркәсіп ЖС әдісімен игереді, бұл Қазатомөнеркәсіпке өндірудің меншікті құны үшін елеулі салдарсыз өндіру қарқынын жедел өсіру немесе төмендету бөлігінде икемділігін қамтамасыз етеді. Тиісінше, Қазатомөнеркәсіп уран нарығындағы бағаға тез ден қоюға және өндіру қарқынын тиісті түрде түзетуге қабілетті.

Мысалы, күнтізбелік 2017 жыл ішінде Қазатомөнеркәсіп уран өндіруді өткен жылмен салыстырғанда 8%-ға қысқартты. 2018-2020 жылдар кезеңінде Компания қолданыстағы келісімшарттық міндеттемелер көлемімен салыстырғанда уран өндіру көлемін 20%-ға қысқартуға ниетті. Компания жер қойнауын пайдалану туралы келісімдерге түзетулер Үкіметпен келісілген жағдайда, қажеттілігіне қарай төмен деңгейде өндіріс көлемін сақтау үшін толық техникалық және заңдық икемділікке ие және нарықтағы жағдайға байланысты тиісті шешімдер қабылдайтын болады.

Сату және өткізу арналарын
кеңейту, сондай-ақ келісімшарттар
портфелін оңтайландыру

Соңғы екі жылда Қазатомөнеркәсіп бірқатар салаларда сату және өткізу жүйесін ұйымдастыруға қатысты өз позицияларын нығайтты. Атап айтқанда, Компания Швейцариядағы «Қазақатом» (TҰK) трейдингтік компаниясының арқасында жаңа өткізу арнасын табысты құрды, бұл Компанияға спот-нарықта уранды сатып алуды қалайтын АҚШ коммуналдық кәсіпорындары сияқты клиенттердің жаңа санатымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ Қазатомөнеркәсіптің талдамалық әлеуетін жақсартуға мүмкіндік береді, оған төрелік операцияларды жүргізуге және айтарлықтай операциялық икемділік талап етілетін спот/қысқа мерзімді келісімшарттар на-рығына тиімді шығуға мүмкіндік берді. Қазатомөнеркәсіп өзінің негізгі мақсатты географиялық өңірлерінің әрқайсысында өзінің сауда өкілдерінің қатысуын кеңейтті және өзінің сату желісін нығайтуды жалғастырады.

Бұдан басқа, TҰK операцияларын іске қосу арқылы 2017 жылы Қазатомөнеркәсіп өз клиенттеріне күрделі формулалық баға белгілеу шарттарын ұсына алды. Қазатомөнеркәсіп осы мүмкіндіктерді одан әрі дамытуды және клиенттерге баға белгілеу нұсқаларының кең ауқымын ұсынуды жоспарлап отыр, бұл бұдан бұрын қазақстандық заңнаманың белгілі бір шектеулеріне байланысты басқаша болған.

2016 жылы Компания уран трейдерлеріне сатуды тоқтатты. Бұл Компанияның барынша аз көлемге келісімшартқа отыратын клиенттермен тікелей қарым-қатынас құру мақсатында делдалдарды айналып өтуге бел буғаны фактісін көрсетеді.

Озық тәжірибені енгізу арқылы
уран өндіру өнеркәсібінде жаһандық
көшбасшылықты сақтау

Қазатомөнеркәсіп әлемдегі жетекші уран өндіруші компания болып табылатындығын мақтан тұтады және бұл мәртебені болашақта ауқым, тиімділік және инновациялар тұрғысынан нығайтуға ұмтылады. Компания өз кеніштерінде ұзақ мерзімді перспективада тұрақты аз шығынды өндіруді қамтамасыз ету үшін қорларды барлау мен кен орындарын игеру үшін инвестициялауды жалғастыруға ниетті, ал оның қорларының ағымдағы базасы шамамен 15 жыл ішінде өндірудің қазіргі деңгейін қолдауға мүмкіндік береді.

Қазатомөнеркәсіп өндірістің төмен өзіндік құнын негізгі жаһандық бәсекелестік артықшылық ретінде бағалайды және оны ұстап тұру үшін үнемі жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Қазатомөнеркәсіп құн мен экономикалық қайтымға екпін жасай отырып, өндіру жоспарларын бір мезгілде оңтайландыру және шығындарды қатаң бақылау жолымен оған қол жеткізуге ниетті.

Қазатомөнеркәсіп бұрынғысынша өзінің бизнес-процестерін тұрақты оңтайландыруға, цифрландыруға және сату мен өткізу функцияларын одан әрі нығайтуға бағытталған. Атап айтқанда, компания Трансформациялау бағдарламасын қабылдады, оны іске асыру 2016 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңге көзделген.

Сала көшбасшысының корпоративтік
мәдениетін дамыту. Денсаулық, еңбек және
қоршаған ортаны қорғау саясатын
жақсартудың өзгермейтін бағыты

Қазатомөнеркәсіп денсаулықты, еңбек пен қоршаған ортаны қорғау саласындағы үздік әдістерді қолдануға тырысады және бұл мәселені болашақта бірінші кезектегі маңызды призмасы арқылы қарауды жалғастырады. Қазатомөнеркәсіп Қазақстандағы ең тартымды жұмыс беруші болуға ұмтылады және оның кәсіпорындары мен кеніштерінде мүлдем қауіпсіз жұмыс жағдайын ұстауын қадағалайды. Бұдан басқа, Қазатомөнеркәсіп Vision Zero халықаралық қозғалысына (нөлдік өлім-жітім идеологиясы) Өндірісте жазатайым оқиғаларды болдырмау тұжырымдамасын жылжыту мақсатында қосылды және LTIFR коэффициентін де, сол сияқты өндірісте жазатайым оқиғалар санын да төмен деңгейде ұстап тұруға тырысады. Қазатомөнеркәсіп 2016 және 2017 жылдары еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы инвестициялар бағдарламасын жандандырып, 2015 жылы 5 102 млн. теңгеден 2017 жылы 7 137 млн. теңгеге дейін ұлғайтты, бұл ретте кейінгі жылдары да инвестицияларды өсіруді жоспарлап отыр.

7,38
млрд теңге
2018 жылы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласына инвестициялар

Компанияның тағы бір стратегиялық басымдығы акционерлердің табыстары мен капиталдың оңтайлы құрылымы арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету болып табылады. Қазатомөнеркәсіптің операциялық қызметі шектеулі күрделі шығындар мен қаражат көздерінің құрылымында қарыз капиталының төмен үлесі кезінде жоғары табыстылығымен ерекшеленеді. Сондықтан Қазатомөнеркәсіп өзінің акционерлеріне, бұл ретте шикізат тауарларына бағалар қолайсыз болған жағдайда да қарыз қаражаты үлесінің қолайлы деңгейін ұстап тұруға мүмкіндік беретін теңгерімнің консервативті құрылымын сақтай отырып, елеулі ақша ағындарын қайтаруға тырысатын болады. Қазатомөнеркәсіп дивидендтік саясаты, егер Қазатомөнеркәсіп кредиттік тірегі түзетілген EBITDA-ға 1,0 x таза борышынан төмен немесе тең болса, кемінде 75% еркін ақша ағынын және егер кредиттік тірек коэффициенті түзетілген EBITDA-ға 1,5 x таза борышынан жоғары болса, кемінде 50% еркін ақша ағынын бөлуден тұрады.



Компанияның 2018 жылғы Даму стратегиясын
іске асыруға шолу

Стратегиялық
мақсаттар
2018 жылы стратегиялық міндеттерді
орындау бойынша қадамдар

Негізгі қызмет түріне көңіл қою

  • Energy Asia (BVI) Limited компаниясының 40,05% акциялар пакетін («Байкен-U» ЖШС 47,5% және «Қызылқұм» ЖШС 20%), сондай-ақ «Хорасан-U» БК»ЖШС жарғылық капиталындағы 16,02% сатып алу бойынша мәміле аяқталды.
  • 2018 жылы қорлардың өсімі 96 057 тоннаны құрады, оның ішінде С1 санаты бойынша — 50 747 тонна, С2 санаты бойынша — 45 310 тонна
  • Компанияның Инвестициялық саясатына сәйкес 2018 жылға инвестициялық жобалар портфелі қалыптастырылды

Нарықтық жағдайлар негізінде өндіру, қайта өңдеу және сату көлемдерін оңтайландыру

  • 2018 жылға арналған уран нарығының қажеттіліктерінің болжамдарын ескере отырып, Компания жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда 2018 жылға жоспарланған уран өндіру көлемі бойынша келісімшарттық жағдайларға қатысты уран өндіру көлемін 20%-ға төмендетті.

Маркетинг функциясын күшейту және сату арналарын кеңейту арқылы құндылық жасау

  • Маркетингтік функцияларды күшейтуге бағытталған 8 рәсімнен, әдістемелерден, анкета-сауалнамалардан, сатып алу-сату келісімдерінің үлгі нысандарынан тұратын әдіснамалық база әзірленді,енгізілді және іске асырылуда. Уран сатудан түскен түсімнің жоспарланған көлемі АҚШ-та, Еуропада және Оңтүстік Кореяда жаңа клиенттерді тарту жолымен клиенттік базаны ұлғайту, уранды жеткізу географиясын кеңейту, уранды трейдерлерге сатуды тоқтату, уранды деривативтік құралдарды сату және уранды сатуға арналған келісімшарттар портфелін оңтайландыру есебінен 5%-ға асыра орындалды.

Бизнес-қызметте озық тәжірибені қолдану

  • Өндірістік қауіпсіздік саласында қауіпсіздіктің мінез-құлықтық аудиттерін жүргізу, сондай-ақ қауіпті жағдайларды, қауіпті іс-әрекеттерді, Near-Miss ықтимал қауіпті оқиғаларды анықтау процестері енгізілді. 1 800 аудит өткізілді, 6 200 Near Miss тіркелді
  • Дайын уран өнімдерін өндіру процесінде баламалы химиялық реагенттерді пайдалану нәтижесінде 109,2 млн. теңгеге қол жеткізілді.
  • Технологиялық скважиналарды салу кезіндегі шығындарды оңтайландыру нәтижесінде экономикалық тиімділік 107,6 млн теңгені құрады.
  • Компанияның АТ Стратегиясы әзірленді және бекітілді.
  • Цифрландыру жобаларына бастапқы түгендеу жүргізілді және цифрландыру жобаларының тізбесі анықталды.
  • Компания инвестициялық қызметке портфельдік тәсілді қолдануды енгізеді, және осыған байланысты 2018 жылы инвестициялық қызметке портфельдік тәсіл бойынша әдістеме әзірленіп бекітілді.
  • Корпоративтік орталықта және еншілес ұйымдарда 12 бизнес-процесс іске асырылды (оның ішінде автоматтандырылған). Жыл қорытындысы бойынша жабу дәрежесі Компанияның Трансформациялау бағдарламасының Жарғысына сәйкес 2021 жылға дейін жоспарланған бизнес-процестерді реинжинирингтеу бойынша барлық көлемнің 32%-ын құрады.
  • Корпоративтік орталықта және жеке ЕТҰ-да SAP ERP және ИСП ақпараттық жүйелері енгізілген.
  • Халықаралық Әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының (ISSA) қауіпсіздік, денсаулық және жұмыста амандық жақсарту жөніндегі бастамасын қолдай отырып, Компания Vision Zero халықаралық бағдарламасының қатысушысы ретінде тіркелген. Бұл қатысу Компанияның қауіпсіздік техникасының мықты мәдениеті жұмыста жазатайым оқиғаларды, жарақаттар мен ауруларды төмендетуі мүмкін деген сенімін көрсетеді.

Сала көшбасшысына сәйкес келетін корпоративтік мәдениетті дамыту

  • Қоғамның 2018-2028 жылдарға арналған жаңартылған Кадрлық саясаты бекітілді, ең үздік тәжірибелерді зерттеу негізінде әзірленген, адам ресурстарын басқарудың принциптері, негізгі бағыттары, тәсілдері мен әдістері жүйесін бизнес қажеттіліктеріне анықтайтын; ең үздік әлемдік тәжірибелер негізге алынды.
  • Компанияның Корпоративтік құндылықтары қалыптастырылып, бекітілді және оларды Қоғам қызметкерлеріне белсенді көрсету басталды.
  • Үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес, Компанияда корпоративтік басқаруды жетілдіру арқылы (тәуелсіз консультанттардың ұсынымдары негізінде) корпоративтік басқару рейтингін сақтау қамтамасыз етілді
  • Оқу бағдарламасы қолданылуда