Жылдық есеп / 2018

Бизнес-модель

23%
2018 жылы уранды өндіру бастапқы өндірудің жалпы әлемдік көлемінің
1 Осы құжатта «Топ» термині Компанияға және оның шоғырландырылған еншілес кәсіпорындарына, яғни Топ (i) олардың табыстылығына елеулі әсер ететін олардың тиісті қызметіне басшылық ету құқығы, (ii) осы компанияларға олардың қатысуынан алынатын ауыспалы табыстарға құқықтар, сондай-ақ (iii) Топтың пайда көлеміне ықпал ету мақсатында осы компанияларға қатысты өз өкілеттіктерін пайдалану мүмкіндігі арқылы бақылайтын компанияларға қатысты. Елеулі әлеуетті дауыс құқығын қоса алғанда, материалдық құқықтардың болуы және әсері Топтың басқа компанияға әсер етуінің болуын бағалау кезінде ескеріледі.
305,6
мың тонна
Топ үлесіне жатқызылған дәлелденген және ықтимал кен қорлары
2 Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесі, қатты пайдалы қазбалардың ресурстары мен қорлары туралы Австралиялық-Азиялық есептілік кодексі.

Қазатомөнеркәсіп әлемдегі ең ірі уран өндіруші компания болып табылады (өндіру көлемі тұрғысынан), ол UxC деректері бойынша әлемдегі ең ірі ресурстық базалардың бірін басқарады.

UxC деректеріне сәйкес, Топқа жатқызылатын, оның бірлесіп бақылайтын компаниялары мен қауымдасқан компанияларының уран өндіруін және оны қайта өңдеуін қоса алғанда, Топта1 уран өндіру, 2018 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде уранды бастапқы өндірудің жалпы әлемдік көлемінің шамамен 23%-ын және жерасты шаймалау әдісімен уранды өндірудің әлемдік көлемінің шамамен 40%-ын (ЖС немесе ЖҰС -жерасты ұңғымалық сілтілеу) құрады.

Өзінің еншілес кәсіпорындары, бірлесіп бақылайтын және қауымдасқан компаниялары арқылы Топ ҚР-да орналасқан және 13 кластерге топтастырылған 26 кен орнын игеруде. Топтың барлық уран кен орындары ЖС үшін қолайлы. Өзінің арсеналында өндірудің басқа әдістерімен салыстырғанда қоршаған ортаға аз әсер ететін ЖС экономикалық тиімді технологияларын және резервтердің ұзақ мерзімді базасын біріктіре отырып, Топ ең озық және аз шығынды (UxC деректеріне сәйкес өзіндік құн деңгейі бойынша әлемде екінші орын) уран өндіретін кәсіпорындардың бірі болып қала алуға қабілетті. Топ қазақстандық өндіруші сала жинақтаған ЖС-да 40 жылдан астам тәжірибесі бар. Үнемділік пен экологиялықтан басқа, ЖС технологиясы әдеттегі өндіріспен салыстырғанда жоғары пайдалану икемділігін қамтамасыз етеді, бұл Топ операцияларының ауқымдылығын арттыруға және өзгермелі нарықтық жағдайларға жауап ретінде өндіруді тез әрі үнемді арттыруға немесе азайтуға мүмкіндік береді.

Компания уранның, оның қосылыстарының, атом электр станциялары үшін отынның, арнайы жабдықтар мен технологиялардың, сондай-ақ сирек металдардың экспорты мен импорты бойынша Қазақстанның ұлттық операторы мәртебесіне ие. Қазақстанның ұлттық компаниясының тиісті мәртебесі Компанияға белгілі бір артықшылықтарды пайдалануға, оның ішінде, басқалармен қатар, өзге жағдайларда міндетті болып табылатын тендерлік процесс арқылы емес, Үкіметпен тікелей келіссөздер жолымен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға құқық алуға мүмкіндік береді. Бұл іс жүзінде Компанияға осындай мүмкіндіктерге, оның ішінде Қазақстан Республикасында кеңінен таралған ЖС қолдану үшін қолайлы табиғи уранның жоғары сапалы кен орындарына басым қолжетімділікті береді.

Топ уран өндіруді тек қана Қазақстанның кен орындарында жүзеге асырады. UxC деректері бойынша, Қазақстан Республикасы әлемдегі ең ірі уран өндіруші ел болып табылады, оның үлесіне 2018 жылы уранды бастапқы өндірудің шамамен 44%-ы тиесілі. Топ сондай-ақ UxC мәліметтеріне сәйкес, өз бәсекелестерінің арасында уран кенінің ірі қорына ие. 2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топтың үлесіне жатқызылатын дәлелденген және ықтимал кен қорлары уран металының баламалы құрамының («Uranium Metal Content Equivalent» немесе «UME») 305,6 мың тоннасын құрады, ал Топтың үлесіне жатқызылатын өлшенген және анықталған минералдық ресурстар (кен қорларын өндіру үшін түрлендірілген минералдық ресурстарды қоса алғанда) JORC Кодексінің2 шарттары мен анықтамаларына сәйкес 476,7 мың тонна UME құрады.

Қазақстан Республикасындағы ұлттық оператор бола отырып, Компания уран өнеркәсібінің барлық жетекші қатысушыларының серіктесі болып табылады. Топ Cameco, CGNPC, Kansai, Marubeni, Orano (бұрын Areva), Росатом және Sumitomo-мен, сондай-ақ Азиялық энергетикалық консорциуммен 10 табысты серіктестік жобаны құрды. Мұндай ынтымақтастық Топтың активтері базасының әлемдік ауқымда маңыздылығын көрсетіп отыр, сонымен қатар Топқа серіктестердің технологияларына қол жеткізуге және технологиялық және басқарушылық ноу-хауды жақсартуға мүмкіндік берді. 2017 және 2018 күнтізбелік жылдары Топ өндірген уранның 60,4% және 49,1%-ы Топтың бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компанияларда қатысуына тиесілі болды.

Топтың негізгі тұтынушылары ядролық энергия өндіру жөніндегі объектілердің операторлары, ал топтың өнімін экспорттау үшін басты нарықтар Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия елдері, Солтүстік Америка және Еуропа болып табылады. Топ уран өнімін ұзақ мерзімді келісімшарттар, қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында Швейцариядағы өзінің еншілес сауда компаниясы арқылы сатады. Уранның бағасы ядролық энергияны өндіруге жұмсалатын жалпы шығындардың аз ғана үлесін білдіреді, бұл ретте Топ клиенттерінің көпшілігі өзінің ауқымы мен уран өндіру көлемінің арқасында жеткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық жағдайлар мен мүмкіндіктерге ие болған кезде жеткізу қауіпсіздігіне (баға белгілеудің қолайлы жағдайларына қарағанда) басымдық береді.

Уран өндіру Топ қызметінің негізгі бағыты болып табылатынына қарамастан, Топ уранның конверсиясын қоспағанда, реакторға дейінгі ЯОЦ-тың басқа да көптеген кезеңдерінде (өздерінің еншілес компаниялары, БК және қауымдасқан компаниялары арқылы) қызметті жүзеге асырады. Осы кезеңдердің қатарына ядролық отын компоненттерін өндіру, уранды қайта айырбастау кіреді, сондай-ақ топ уранды байыту жөніндегі өндірістік қуаттарға қол жеткізе алады. Топ уран өнімін, оның ішінде табиғи уранның шала тотығы-тотығын, уран диоксидінің ұнтағын және электр энергиясын өндіру үшін атом электр станциялары пайдаланатын ТВС — отынды дайындау кезінде пайдаланылатын отын таблеткаларын шығарады. Қазіргі уақытта Топ ҚХР АЭС үшін ядролық отын өндіру жөніндегі зауыттың (ТВС) құрылысымен айналысуда, оны 2019 жылдың соңына пайдалануға беру көзделген. Кейіннен 2020 жылдың соңына дейін ТВС бірінші партиясын шығара отырып, технологияны жеткізуші (Framatome) ТВС зауытын сертификаттау рәсімін аяқтау жоспарланып отыр. ҚХР-ға ТВС-тің коммерциялық жеткізілімін 2021 жылы бастау жоспарланып отыр. Егер конверсия болашақта экономикалық жағынан тартымды болса, онда Топтың конверсиялық шекті дамыту үшін де әлеуеті жетеді, бұл ретте Топ қажетті конверсиялық технологияларға қол жетімділікті қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Уран өндіру және қайта өңдеумен байланысты қызметтен басқа, Топ сирек кездсесетін металдардан, ең алдымен тантал мен бериллийден өнімдерді өндірумен айналысады.

Топтың тұрақты қаржылық жағдайы бар және операциялық қызметтен оң ақша ағынын генерациялайды. Топ таяу болашақта өзінің операциялық қызметін және қолда бар өндірістік активтерге жоспарланған күрделі салымдарды меншікті қаражаттан және қол жетімді қарыз қаржыландыру көздерінен қаржыландыруға қабілетті. Бұл ретте кен орындарын игеру бойынша тәуекелдер мен шығындардың едәуір бөлігін топ бірлескен кәсіпорындар бойынша өз серіктестерімен бөліседі. АХҚО биржасындағы және Лондон қор биржасындағы Қазатомөнеркәсіп акцияларының листингі, сондай-ақ кредиттік рейтингтердің болуы Топқа капитал нарықтарына қол жеткізу үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бизнес-моделі»

Капитал

Қаржы
капиталы

  • акционерлік капитал
  • сыртқы қарыз

Табиғи
ресурстар

  • уран кен орны
  • энергияны тұтыну
  • суды тұтыну
  • биоалуантүрлілік

Өндірістік
капитал

  • технологиялық шешім
  • инфрақұрылым

Зияткерлік
меншік

  • патенттер
  • лицензиялар
  • ақпарттық технологиялар

Адамдар

  • этникалық құндылықтар
  • кәсіпқойлық

Қоғамдастықтар

  • жергілікті қоғамдастықтар
  • клиенттер
  • жеткізушілер
  • серіктестер

Негізгі операциялық процестер

Қазу және
өндіруо

табиғи уран
U3O8
бериллий
Be4
тантал
Ta73
ниобий
Nb41

ҒЗТКЖ ғылымды қажетсінетін технологиялар

Өткізу

табиғи уран
U3O8
бериллий
Be4
тантал
Ta73
ниобий
Nb41

Құнды құру

түсім
436 632
млн теңге
операциялық қызметтен ақша ағындары
58 327
млн теңге
операциялық пайда
77 480
млн теңге
дивидендтер
161 661
млн теңге
акцияға базалық және бытыраңқы пайда
1 435
теңге
әлеуметтік салықтар мен төлемдер
6 034
млн теңге
табиғатты қорғау қызметіне шығындар
2 138
млн тенге
қызметкерлердің саны
20 507
адам